Каспий құбыр консорциумы және Баку-Тбилиси-Джейхан көлік жүйелері қызметіне жүгініп келген Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші компания бұл маршрутты 2023 жылдың қаңтарынан бері пайдаланбаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жақында Новороссийск порты (КҚК) тағы да дронның жаппай шабуылына ұшырады, ал БТД-да тамыз айында мұнайдың хлорорганикамен ластанғаны анықталды.
Осыған байланысты ТШО жаңа маршрутты қайта пайдалануды көздейді.
Экспедиторлардың мәліметінше, қазан айында жөнелтетін теңіз мұнайының көлемі 92 мың тоннасы құрауы мүмкін. Батумиде қазақстандық "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау компаниясы терминалға иелік етеді. Сол терминал арқылы 2022 жылы және 2023 жылдың қаңтарда 358,5 мың тонна ТШО мұнайы экспортталған.