2,8 млрд теңге айыппұл: "Теңізшевройл" түсініктеме берді

Компания бұл шығарындылар экологиялық апаттардың салдары емес деп сендіреді.  

2,8 млрд теңге айыппұл: "Теңізшевройл" түсініктеме берді Фото: inbusiness.kz

Атырау облысы бойынша Экология департаментіне Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы табиғатты ластаған "
"Теңізшевройл" компаниясына 2,8 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлаған. Бұған қатысты ТШО ресми түсініктеме берді. 

Өз тарапынан ТШО 2021 жылғы Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес "Теңізде белгілі бір жұмыстарды/қызметтерді орындайтын мердігерлердегі шығындылар көрсеткіштері туралы ақпаратты Атырау облысы бойынша экология департаментіне уақтылы жібергенін" мәлімдейді.

"Тиісті мемлекеттік органның бастамасымен салынған әкімшілік жаза ТШО-ның көптеген мердігер ұйымдардың қоршаған ортаға тигізген әсері туралы мәліметтерді енгізу үшін берген уақыттың аз болуына байланысты", - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ТШО бұл шығарындылар "шамадан тыс немесе экологиялық апаттардың салдары емес" деп сендіреді. 

"2021 жылы ТШО өндірістік қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсері тиісті мемлекеттік органдар бекіткен шектерде қалды", - дейді ТШО.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу