"Теңізшевройл" мұнай өндірісін 4,5%-ға қысқартпақ

Газ өндірісі де төмендейді.  

"Теңізшевройл" мұнай өндірісін 4,5%-ға қысқартпақ Фото: egemen.kz

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ведомвтоның алқа отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Теңізшевройл" (ТШО) 2023 жылы 27,9 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. 2022 жылы кен орнында 29,2 млн тонна мұнай өндірілген. Осылайша, алдағы жылы көрсеткіш 4,5% төмендейді.

Газ өндіру көлемі 2022 жылы 16,1 млрд текше метр болса, 2023 жылы 15,5 млрд текше метр деңгейінде жоспарланған. Бұл ретте де көрсеткіштер 3,7% қысқарады.

Еске сала кетсек, "Теңізшевройл" компаниясы Атырау облысындағы Теңіз және Королевское мұнай-газ кен орындарын игеруде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу