"Биылғы жылдың басында біз республикада табиғи газға деген сұраныстың артқанын байқадық. Қазір біз барлық көлемді Қазақстанның ішкі нарығына жіберуді жоспарлап отырмыз. Яғни, 100% туралы айтып отырмыз. Қазақстанды қолдауға қосқан үлесіміз болады, бірақ біз тек тауарлық газ туралы айтып отырмыз. Қазір қондырғыларымыз, зауыттарымыз толық жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Біз тазарту қондырғылары туралы айтып отырмыз", - деді ТШО бас директоры Кевин Лион.
Сонымен қатар, ол жоспар бойынша мұнай өндірісін арттыруға байланысты газ өндіру көлемі өспейтінін атап өтті. Екі өңдеу зауыты толық жүктемемен жұмыс істеп тұр. Ал құрылысы бітейін деп қалған үшінші буын зауыты қосымша газды өңдей алмайды.