"Теңіздегі" техникалық апатқа байланысты арнайы комиссия құрылды

392

Жағдай энергетика министрлігінің бақылауында.  

"Теңіздегі" техникалық апатқа байланысты арнайы комиссия құрылды Фото: gov.kz

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың тапсырмасымен энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Теңіз кен орнына барып, жағдайды бақылауда ұстау және оператормен өзара іс-қимылды үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 18 қаңтарда орын алған технологиялық бұзушылықты (газ турбиналық қондырғыларының өшуі) толық анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кірісті.

Комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті, Атырау облысы әкімдігінің энергетика басқармасы, "KEGOC" және "Теңізшевройл" өкілдері кірді.

Мұнай өндіруді уақытша тоқтату оператор (ТШО) тарапынан персоналды және жабдықты қорғау мақсатында қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес қабылданды.

Қазіргі уақытта комиссия болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі техникалық талдауда. Барлық ресми қорытындылар мен пікірлер тек комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жарияланады.

Айта кетейік, елімізде "Теңіз" және "Королев" мұнай кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтады. Бұған өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінде туындаған техникалық ақау себеп. Шешім мұнай зауытындағы өрттің кейбір электр тарату жүйелеріне әсер еткеніне байланысты қабылданып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу