"Теңізшевройлда" жоспардан тыс тексеру жүреді

927

"Теңізшевройл" ЖШС кәсіпорнында күкірт газы төгілді.

"Теңізшевройлда" жоспардан тыс тексеру жүреді

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "Теңізшевройлда" жоспардан тыс тексеру жүретінін хабарлады.

"19 сәуірде сағат 15: 12-де "Теңізшевройл" ЖШС кәсіпорнында с-511 пешінің қысымы өсті. Қысымды төмендету үшін байпас желісі ашылды, нәтижесінде түтін құбыры арқылы күкіртті газ шығарылды. Байпасалау 20 минут бойы жалғасты. Атырау облысы бойынша Экология департаменті "Тенгизшевройл" ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізетін болады",– деп жазылған хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу