"Теңізшевройлдағы" сапасыз шетелдік кадрларды қысқарту мәселесі қаралды

748

Бердібек Сапарбаев "Шеврон" компаниясының Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыс өңірлеріндегі мұнай өндірісі бойынша президенті Тодд Левимен кездесті.

"Теңізшевройлдағы" сапасыз шетелдік кадрларды қысқарту мәселесі қаралды

Теңіз кен орнының басқару бөлімінде бұдан былай қазақстандық мамандар көбейеді. "Шеврон" компаниясының Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыс өңірлеріндегі мұнай өндірісі бойынша президенті Тодд Леви еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевқа осылай деп уәде берді, деп хабарлайды Atameken Business.

Өңірдегі толқулардан кейін ТоддЛеви осындай шешімге келген сыңайлы. Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев мұндағы қызметкерлердің жалақы айырмашылықтарын, қазақстандық және шетелдік мамандардың жұмыс кестесін басты назарға қою керектігін атап өтті. Екіжақты кездесу барысында министр "Теңізшевройл" компаниясында қажетсіз әрі сапасыз шетелдік кадрларды барынша қысқарту керектігін сөз етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу