Теңізшілер Геннадий Головкинді қолдау үшін флешмоб ұйымдастырды

818

Теңіз жаяу әскерлері құрамасының 300-ден астам әскери қызметшісі өздерінің спорттық кумирін қолдау үшін алып G әріптерімен алаңға шықты.

Теңізшілер Геннадий Головкинді қолдау үшін флешмоб ұйымдастырды

Лас-Вегаста қазақстандық бокстың мақтанышы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек қарсыластардың қайсысы орта салмақтағы абсолютті чемпион болатынын анықтайды.

"Біз, Қарулы күштердің әскери қызметшілері, отандасымыздың жетістіктерін жіті бақылап отырамыз. Біз - өз еліміздің жауынгерлері, Қазақстанның бейбітшілігі мен тыныштығын қорғаймыз, ал Геннадий Головкин әлемдік аренада біздің туымызды көтереді. Біз оған қолдау көрсетеміз және оның жеңісіне сенеміз", - деді гвардиялық теңіз жаяу әскері құрамасының командирі подполковник Жаннұр Сатқынов.

Әскери қызметшілер үшін бокс маңызды рөл атқарады. Ол қайсарлықты, тәртіпті, жеңіске жетуге деген ұмтылысты қалыптастырады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында бокстан Қазақстан Қарулы күштерінің құрамасы Мәскеуде өткен әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алды, оның үшеуі - алтын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу