Теннис: Қазақстан-Нидерланды матчында Бублик есепті теңестірді

960

 Бұған дейін Қазақстан алғашқы ойында есе жіберген болатын.  

Теннис: Қазақстан-Нидерланды матчында Бублик есепті теңестірді

Елордада өтіп жатқан Дэвис кубогы іріктеу кезеңінде Қазақстан - Нидерланды матчында Александр Бублик есепті теңестірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екінші ойында Қазақстанның бірінші, әлемнің 51-ракеткасы А.Бублик рейтингте 196-орында тұрған Таллон Грикспурмен кездесті.

Бірінші партия тай-брейкке дейін созылып, онда қазақстандық теннисші жеңіске жетті – 7:6 (7:4).

Екінші сетте Бублик 2:0 есебімен алға шыққанымен, Грикспур таразы басын теңестірді. Дегенмен тағы да тай-брейкте Бублик есесін жібермеді - 7:6 (7:4).

Бәсекеге екі сағатқа созылды.

 Осылайша Қазақстан – Нидерланды матчында есеп теңесті - 1:1.

Матч жеңімпазы ертең анықталып, Дэвис кубогының финалдық турниріне жолдама алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу