Теннисші Александр Бублик АТР рейтингіде жоғары көтерілді

851

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жаңартылған рейтингіде 45-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.  

Теннисші Александр Бублик АТР рейтингіде жоғары көтерілді

Өткен аптада Анталия ATP 250 турнирінің финалына дейін жеткен А.Бублик бірден бес сатыға (50-ден 45-ке) жоғарылады. Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісінде бұрынғыша сербиялық Новак Джокович көш бастаса, испаниялық Рафаэль Надаль екінші, аустриялық Доминик Тим үшінші орында келеді. Қазақстандықтардан Михаил Кукушкин 89-ыншы, Дмитрий Попко 165-орнын сақтап қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу