Теннисші Александр Бублик Доха турнирін сәтті бастады

758

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Доха АТР 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Теннисші Александр Бублик Доха турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 201-орында тұрған, негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған үндістандық Рамкумар Раманатанмен кездесті. Бірінші партияда А.Бублик 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте тағы да брейк жасай білді. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, еш қиналған жоқ – 6:2. Бәсеке 1 сағат 13 минутқа созылды.

А.Бублик екінші айналымда әлемнің 14-інші, осы доданың 5-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агут немесе рейтингте 39-сатыдағы америкалық Рейлли Опелканың біреуімен шеберлік байқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу