Теннисші Анна Данилина Чарльстон турнирін жеңіспен бастады

741

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирін жеңіспен бастап, ірі доданың ширек финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Теннисші Анна Данилина Чарльстон турнирін жеңіспен бастады

Әлемнің жұптық сындағы 21-ракеткасы Анна Данилина Беларусь өкілі Александра Сасновичпен бірге алғашқы айналымда словакиялық Тереза Михаликова – чехиялық Квета Пешкемен ойнады. Қазақстандық-белоруссиялық жұп 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Анна мен Александра 1 сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында 2 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын өз есептеріне жазды. Қарсыластары 2 брейктен аса алған жоқ. Данилина мен Саснович жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, америкалық Каролин Долхайд – қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу