Теннисші Анна Данилина мансабындағы WTA-ның үшінші титулын жеңіп алды

715

Қазақстандық Анна Данилина Польшадағы жұптық сында WTA 250 сериясындағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды.

Теннисші Анна Данилина мансабындағы WTA-ның үшінші титулын жеңіп алды

Финалда Анна Данилина неміс Анна-Лена Фридзаммен дуэтте жергілікті теннисші Катажина Кава/Алисия Росольскаядан мықты болды, деп хабарлады ҰОК сайты.

Соңғы жекпе-жек екі сағатқа созылды. Оның тағдыры супер тай брейкінде шешілді, онда сәттілік Данилина мен Фридзам жағында болды– 6:4, 5:7, 10:5.

Анна Данилина үшін бұл WTA- турындағы үшінші үлкен жетістік. 2022 үстіміздегі жыл басында Анна Беатрис-Хаддад Маямен бірге Сиднейдегі (WTA 500) турнирінде жеңіске қол жеткізген, ал өткен жылы Қазақстанның бірінші ракеткасы жұптық сында Гданьск қаласында (Польша) өзінің WTA 250 сериясындағы алғашқы олжасын жеңіп алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу