Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге соңғы бәсекеде германиялық Вивиан Хайзер – мажарстандық Панна Удвардимен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда германиялық-мажарстандық жұп 6:4 есебімен басым болды. Екінші сетте Анна мен Беатрис брейкпен 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры сол басымдылығын сақтай алды – 7:5. Супер тай-брейкте де олар 4:0 есебімен алға шықты. Ойын соңында әлденеше матчболды пайдалана алмағанымен, 10:8 есебімен жеңіспен тәмамдады. 1 сағат 36 минутқа созылған кездесуде қарсыластар қос-қостан брейк жасады.
Осылайша Анна Данилина жұптық сында спорттық жолында алғаш рет WTA 500 жарысының чемпионы атанды. Енді ол Аустралия ашық чемпионатында бақ сынайды.