Қазақстанның теннисшісі Дмитрий Попко Хуахинде (Тайланд) ITF Futures турнирін жеңіп алып, 10 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақыға ие болды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Қазақстанның теннис федерациясы сайтының хабарлауынша, Попко турнирдің финалында француздық Фабиана Ребулды екі сетте - 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу