Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Барселонадағы "Челленджер" жарысының жұптық кезеңінде ойынды сәтті бастады, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол жарыс барысында бразилиялық Орландо Лужбен жұп болып ойнауда.
Попко мен Луж жұбы Албано Оливетти/Роман Арнеодоны 4:6, 6:2, 11:9 есебімен ұтты. Теннис додасының ширек финалында енді олар Дуран/Оливо - Хуэй/Ламмонс жұбының жеңімпаздарымен кездеседі.
Айта кетерлігі, Попко жарыстың жекелей сынында да бақ сынайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу