Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бұл жарыс Аустралияда қатаң карантинде болған теннисшілер үшін арнайы ұйымдастырылып отыр. Додада Қазақстаннан Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бақ сынайды.
Рейтингісі жоғары болғандықтан, Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол америкалық Лорен Дэвис немесе чехиялық Барбора Крейчикованың қай жеңгенімен кортқа шығады.
Юлия Путинцева алғашқы айналымдағы кездесуін испаниялық Джеорджина Гарсия Переспен өткізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу