Алматыда теннистен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қыздар арасындағы жекелей сында Татьяна Николенко топ жарды. Екінші және үшінші орын Карина Ризванова мен Софья Чурсинаның еншісінде.
Ерлер арасында Ерасыл Мұратқа тең келер ешкім болмады. Күміс пен қоланы Шохрух Гайратов пен Ростислав Гальфингер өзара бөліскен.
Жұптық сында Алиша Молдахметова мен Карина Ризванова жұбы қарсылас шыдатқан жоқ. Ерлер арасында Бекзат Үсіпбеков пен Ростислав Гальфингер Қазақстан чемпионы атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу