Теннистен ATP 205 әлемдік кезеңі аясында Astana Open әлемдік додасы онлайн трансляцияланады, деп хабарлайды Olympic.kz. Т
урнирді өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің жоғары шараларын ескере отырып, ойындар көрермендердің қатысуысыз өтеді. Теннис матчтарының барлығы онлайн-трансляция режимінде көрсетiледi. Жарыстың халықаралық серіктесі IMG компаниясы әлемнің барлық негізгі өңірлерінде трансляцияны жүзеге асырса, Қазақстан аумағында эксклюзивті хабар тарату құқығына "QAZSPORT" арнасы ие болған. ⠀
Айта кетерлігі, Astana Open теннис додасы 26 қазан мен 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        