Теннистен Австриядағы WTA турнирі кейінге шегерілді

587

Бұл туралы турнирдің ресми сайты хабарлайды.   

Теннистен Австриядағы WTA турнирі кейінге шегерілді

11-18 қазан күндері Австрияның Линц қаласында өтуі тиіс теннистен WTA турнирі коронавирусқа байланысты кейінге қалды, деп хабарлайды olympic.kz сайты.

Аталған турнир 7-15 қараша аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. 

"Жақсы дүниелер үшін уақыт керек екенін бәріміз де білеміз. Турнир директоры Линцтегі турнирдің өтуіне бар күшін салды. Қуанышқа қарай, соңғы кездесуде әлемдік ұйым рұқсат беріп, жарыс қараша айында өтетін болды", – дейді ұйымдастырушылар. 

Айта кетелік, турнирдің қазіргі чемпионы – америкалық Кори Гауфф.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу