Теннистен ерлер жеңіліп, қыздар жеңіске жетті

896

Australian Open-2020 турнирінде Михаил Кукушкин мен Александр Бублик  қарсыластарынан жеңіліп қалды.  

Теннистен ерлер жеңіліп, қыздар жеңіске жетті

21 қаңтар күні Мельбурнде өтіп жатқан теннистен Australian Open-2020 турнирінде қазақстандық спортшылар жеңіліп қалды, деп жазады Olympic.kz.

Михаил Кукушкин алғашқы кездесуінде австралиялық Марк Полманстан ұтылды. Тартысты бәсеке :6, 3:6, 6:4, 7:6, 10:8, 6:4 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталған. 

Александр Бублик тағы бір австралиялық теннисші Джордан Томпсонға үш сет қорытындысы бойынша есе жіберді. 

Ал Елена Рыбакина мен Зарина Дияс америкалық спортшылардан басым түсіп, келесі айналымға өтті. Юлия Путинцева тайваньдік Сэ Шувейді 6:1, 6:3 есебімен ұтты.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу