Теннистен халықаралық турнир басталды

769

Теннистен халықаралық турнир басталды

Шымкенттегі теннис орталығында теннистен "Shymkent Futures F2" халықаралық турнирі басталды. Сайысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Сербия және АҚШ секілді елдерден теннисшілер келді, деп хабарлайды ernur.kz.

Турнирдің бірінші айналымында қазақстандық теннисшілердің жолы болмады. Роман Хасанов ресейлік Александр Игошинге 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шықса, ал, Тимур Хабибулин италиялық Франческо Вилардоға 3 сетте есе жіберді. Қазақстан құрама командасының ойыншысы Григорий Ломакин турнирдің 4 - ракеткасы Евгений Тюрневке қарсы кортқа шықты. Евгений Тюрнев қазақстандық теннисшіге бірде - бір сетте есе жібермеді - 6:3, 7:5.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу