Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ауысты

238

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев кадрлық өзгеріске қатысты пікірін білдірді.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ауысты Фото: ҚТФ

Қазақстан теннис федерациясы басшылығының шешімімен Қазақстан әйелдер құрамасына Юрий Щукин жетекшілік ететін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасына Ярослава Шведова басшылық етіп келген болатын.

Шведова 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін әрі капитан, әрі ойыншы ретінде қызмет атқарды. Кейін капитандыққа біржола ауысты. 

Кейінгі жылдары әйелдер құрамасында Юрий Щукин көмекші бапкер ретінде жұмыс істеді. Ол сондай-ақ 2020 жылдың наурызынан бері Қазақстан ерлер құрамасын басқарады. 

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев кадрлық өзгеріске қатысты пікірін білдірді.

"Ұлттық әйелдер құрамасында түбегейлі ештеңе өзгертіп жатқан жоқпыз. Бұрын әйелдер құрамасында Юрий бапкер, Ярослава капитан еді. Енді керісінше Щукин басшылық тізгінді қолға алып, Шведова оған жәрдемдесетін болады. Былайша айтқанда, кадрлар орнын ауыстырды, бұл құраманың биылғы маусымда табысты өнер көрсететініне септеседі деп үміттенеміз", - деді Досқараев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу