Елордадағы "Дәулет" спорт комбинатында теннистен Қазақстан қысқы чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарысқа болашақ Қазақстан жұлдыздарымен қатар Алексей Кедрюк пен Дмитрий Макеев сынды ардагерлер де болды. Ерлер арасында жекелей сында Достанбек Ташболатов пен Григорий Ломакин бас жүлдені сарапқа салды.
Әйелдер арасында финалда 2016 жылы Қазақстан қысқы чемпионатында озық шыққан Гөзал Айнитдинова басым түсетіндей көрінген. Соңғы бәсекеге дейін бірнеше мықты ойыншыны жеңген ол қарсыластарына бірде-бір сет бермеген еді. Ал 16 жастағы Аружан Сағындықова он бірінші геймде сәтті ойнап таразы басын теңестірді. Үшінші, шешуші партияда тоғызыншы геймде А.Сағындықова брейк жасап, жеңісті жұлып әкетті. Ульяна Романованы 6:1, 6:2 есебімен ұтқан Жанел Рүстемова үздік үштікті түйіндеді.
Жеңімпаз-жүлдегерлер кубок, медаль, дипломнан басқа Қазақстан теннис федерациясынан жарыстарға қатысуға мүмкіндік беретін гранттар алды. Жекелей сын жеңімпаздары 5 мың, күміс жүлдегерлер 3 мың, үшінші орын иеленгендер 2 мың АҚШ доллары көлемінде грантқа қол жеткізді.