Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Чилимен ойнайды

418

​Теннистен 2023 жылғы әлем чемпионаты – Дэвис кубогі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Чилимен ойнайды

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, командалық әлем чемпионатының финалына шығу үшін ұлттық құрама Чилимен таласады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Матч 4-5 ақпанда Чили елінде өтеді.

Дэвис кубогінің іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Әр матчта үздік шыққан 12 команда турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алады.

Оларға 2022 жылғы Дэвис кубогінің финалистері – Канада мен Аустралия, сондай-ақ арнайы шақырту (wild card) алған Италия мен Испания қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу