Теннистен Қазақстан мен Нидерланд командалары арасында турнир өтеді

556

 7 наурыз күнгі кездесулерден соң турнир өз мәресіне жетпек.  

Теннистен Қазақстан мен Нидерланд командалары арасында турнир өтеді

2020 жылдың 6-7 наурызы аралығында Нұр-Сұлтандағы теннис орталығында Қазақстан мен Нидерланд командалары арасында Дэвис кубогіне іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан командасы сапында Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко, Александр Недовесовтер сынға түседі. 

3 наурыз күні қос команда қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.  5 наурызға жеребе тарту рәсімі жоспарланған. 

6 наурыз күні турнир ресми түрде ашылып, алғашқы кездесу өтеді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу