Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатының іріктеуіне қатысып жатыр

191

Онда Иран, Малайзия және Индонезия командаларымен ойнайды. 

Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатының іріктеуіне қатысып жатыр Фото: ҚТФ

Кучингте (Малайзия) World Junior Tennis Competition 14& under Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің матчтары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жеребе қорытындысына сәйкес 14 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан қыздар құрамасы В тобына түсті.

Онда Иран, Малайзия және Индонезия командаларымен ойнайды. 

Аталмыш бәсекеде Қазақстан намысын мына спортшылар қорғап жатыр: Найля Баймахан, ⁠Екатерина Кирюшенко және Медина Өтепберген. Команда капитаны — Марат Шәріпов.

Қазақстан құрамасы бүгін алғашқы матчында Индонезияға 1:2 есебімен жол берді. 

Медина Өтепберген Путри Хансадан 5:7, 1:6 есебімен ұтылса, Найля Баймахан Курниаван Эмелиден басым түсті — 2:6, 6:2, 6:2. 

Шешуші, жұптық сында Баймахан — Кирюшенко/Путри — Эмелиден айласын асыра алмады — 2:6, 6:7 (2:7).

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне барлығы 16 команда қатысуда. Олар төрт топқа бөлінген. Плей-офф бәсекесіне әр топтан екі құрамадан шығып, командалық әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу