"Тепкілеп, қораға шығарған": 21 жастағы келіншектің мәйіті табылды

3923

Өзбекстандағы сұмдық оқиғаның мән-жайы жергілікті блогердің араласуымен белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты zamon.uz порталына сілтеме жасап.

"Тепкілеп, қораға шығарған": 21 жастағы келіншектің мәйіті табылды Фото: yartsevo.ru

Оның хабарлауынша, алғашында отбасындағылар "әйел өзіне қол жұмсады" деген. Бірақ сот сараптамасы келіншекті басқа адамның өлтіргенін анықтады.

Нәтижесінде күйеуі айыпты деп танылды. Бірақ келіншектің туыстары өлімге басқа да адамдардың қатысы бар деп есептейді.

"Қызымның мәйіті үшін де ақша араласып жатыр. Қызымды олар ұрып, қораға шығарып жіберген. Біз барғанда олар қызымды "асылып қалды" деді. Бірақ оның денесіндегі жарақаттар қатты соққыдан болған", - дейді марқұмның анасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу