Эвакуация 25 сәуір күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты СҚО әкімдігіне сілтеме жасап.
Көлікпен тасымалдауға мұқтаж тұрғындар үшін арнайы көлік және жедел жәрдем қызметтері ұйымдастырылады.
Уақытша орналастыру үшін эвакуациялық пункттер алдын ала дайындалды:
Бескөл ауылындағы №2 орта мектеп пен Петропавлдағы Жұмабаев көшесі, 142 мекенжайындағы жатақхана.
Оқиға орнында ТЖ қызметтері, жергілікті атқарушы органдар және басқа да жедел қызметтер жұмыс істеуде.
"Барша тұрғындарды сабыр сақтап, жедел қызметтердің нұсқауларын қатаң сақтауға шақырамыз", – деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.
Қосымша ақпарат алу үшін 87153821201 нөміріне хабарласуыңызға болады.