Израильде Тель-Авивтен оңтүстікке қарай орналасқан Бат-Ямда үш автобус жарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Израильдік БАҚ елдің көлік министрі Мири Регев әрбір көлікте жарылғыш заттың бар-жоғын тексеру үшін барлық автобус, пойыз және метродағы қозғалысты тоқтатқанын жазуда.
Ішкі істер құрылымы әзірге жарылыстан зардап шеккендер туралы ақпараттың жоқтығын алға тартты.
Ал қорғаныс министрі Исраэль Кац Батыс жағалаудағы босқындардың лагеріндегі әрекеттің "қарқындылығын арттыруға" бұйрық берілгенін мәлімдеді.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі таратқан ақпаратта үкімет басшысына болған оқиғаның баяндалғаны туралы ғана айтылған. Билік халықты Бат-Ямға бармауға және күдікті затты байқаса, абай болуға шақырды.