"Теректі - таза су" лауазымды тұлғалары бюджет қаратын жымқырғаны үшін сотталды

424

Күдіктілер 162 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды

"Теректі - таза су" лауазымды тұлғалары бюджет қаратын жымқырғаны үшін сотталды Фото: aikyn.kz

Теректі аудандық сотымен "Теректі-таза су" мемлекеттік кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Антикорға сілтеме жасап.

Сот үкімімен кәсіпорын директоры 7,5 жылға және бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екеуі де өзіне және ұйым қызметкерлеріне жалақыны артық аудару, сондай-ақ жеткізушілерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару арқылы 162 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу