Тереңқұрдағы дау: жер телімінің иесі президентке шағымданбақ

442

Досаев Тереңқұр айналасындағы дауға қатысты пікір білдірді.

Тереңқұрдағы дау: жер телімінің иесі президентке шағымданбақ Фото: Ашық дереккөзден

Алматы қаласының әкімі жер телімін сатып алу барысында қиындықтар болатынын жасырмады. Бұл уақытта мүлік иесі қолындағы барын қала қорына бергісі келмейтінін айтады.

Ол "қазір рейдерлік басып алу жүріп жатыр",- деп дабыл қақты. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?

Алматыдағы Тереңқұрға қатысты дау әлі басылмай тұр. Жақын күндері Алматы әкімдігі кәсіпкерге оның меншігіндегі жерді сатып алатыны жөнінде хабарлама жолдаған. Бүгін қала басшысы дүйім ел алдында бұл процесттің оңай болмайтынын мойындады.

Ал кәсіпкер Алматы әкімдігі қаланың қақ ортасындағы жер теліміне тым арзан баға ұсынып отыр,- дейді. 10 сотық жер үшін 120 миллион теңге аз,- деп есептейді Марат Машкалов. Бастапқыда кәсіпкер аудан әкімдігімен келісіп, мұнда жұрт демалатын маусымдық әрі жылжымалы дәмхана ашуды көздеген. Алайда көршілердің дауынан кейін ол бастама жүзеге аспай қалды.

Айта кетейік, даулы телім бас-аяғы 5 рет қайта сатылған. Оның соңғы иесі аумақта коммерциялық мақсатты көздейтін әлеуметтік жобаны іске асырмақ болған. Енді кәсіпкер ел президенті атына хат жазып, шағымдануды көздеп отыр. Амалы қалмаған телім иесі тек осылай ғана әділдікке қол жеткіземін,- деп сенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу