Тереза Мэйдің партиясы үкімет құру құқына ие бола алмады

896

Тереза Мэйдің партиясы үкімет құру құқына ие бола алмады

Ұлыбританияда парламент сайлауы аяқталды. Тереза Мэйдің партиясы көп дауыс жинағанымен, үкімет құру құқына ие бола алмады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Үкімет құқығына ие болу үшін партия палатадағы 650 орынның жартысынан көбін иемденуі қажет. Бірақ, сайлау нәтижесі бойынша британдық премьер-министрдің басқарушы консервативтік партиясы қауымдар палатасынан 314 орын, ал оппозициялық Лейбористік партия 261 орынға ие болды.

ComRes әлеуметтік компаниясының негізін қалаушы Эндрю Хокинс  Твиттерде: "Мэй бұған қалай шыдар екен, білемедім. Бұл авантюра қазірдің өзінде жағдайды шиеленістіріп жіберді. Ал саяси ретсіздік, хаос "брекситтегі" келіссөздерге әсер етіп, экономикалық дағдарыс тудыруы мүмкін", — деді. 

Жалпы мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтетіні жайлы сәуірдің аяғында жария етілді. Премьер-министр Тереза Мэйдің айтуынша, бұл корольдіктің тұрақты дамып, Еуроодақтан шығу үрдісі кезінде британдық қоғамды біріктіру үшін қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу