ТЖД: "Балаңызды 1 минутқа да қараусыз қалдырмаңыз"

172

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде "Өзіңнен баста!" челленджінің өткізілуі және балалардың терезеден құлаудың алдын алу туралы брифинг ұйымдастырылды. 

ТЖД: "Балаңызды 1 минутқа да қараусыз қалдырмаңыз" Фото: kazpravda.kz

Спикер ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Бейбітхан Спанов болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өңірде "Өзіңнен баста!" атты челлендж аясында рейд, акция, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мақсаты – балалардың терезеден құлап кетпеуін қадағалау.

Облыста балалардың терезеден құлауы бойынша 13 факті тіркеліп, соның салдарынан 1-7 жас аралығындағы 14 бала түрлі жарақаттар алды. Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі – ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы. Сондай-ақ, терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы мен москит торларының берік бекітілмеуі, балалардың терезенің алдында ойнауы.

Облыс аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің, шағын маркет, сауда орындарының кіре беріс есіктерінің тұсына үгіттеу-түсіндіру парақтары ілініп, дауысзорайтқыш арқылы тұрғын үй ауласында ескерту-түсіндіру іс-шаралары жалғасуда. Өйткені, баланың қауіпсіздігі бәрінен маңызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу