Терезеден құлаған баланы құтқарған студент оқу ақысын төлемейтін болды

913

Қостанай облысында терезеден құлаған баланы құтқарған студент Ақтөбедегі Бәйішев жоғары медициналық колледжінде білім алады.

Терезеден құлаған баланы құтқарған студент оқу ақысын төлемейтін болды

Қостанайлық Темірлан Әбдіғалиев бір жылдық оқу ақысын төлемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында терезеден құлаған баланы құтқарған студент Ақтөбедегі Бәйішев жоғары медициналық колледжінде білім алады. Оған "Жас Отан" жастар қанаты алғыс айтып, студент Бәйішев жоғары медициналық колледжінің бас директоры Бекежан Аханның шешімімен 1 жылдық оқу ақысынан босатылды.

Ал колледж директоры Бақыт Күлбаева адамгершілікке баулыған ата-анасына, мектебіне алғыс хат жолдады.

"Сол күні шай ішіп отырған болатынбыз. Анам көрші үйдің 3-қабатынан терезеге шығып тұрған баланы байқап қалды. Дереу інім екеуміз далаға жүгірдік. Үйдің терезесіне жақындағанда қорқып тұрған баланы көрдім. Содан кейін ол төмен қарай құлап кетті. Ал мен қағып алдым", - дейді Темірлан.

"Жас Отан" ЖҚ АОФ төрағасы Асылжан Бүркіталин замандасының ісі жастарға үлгі екенін айтты.

"Темірлан - ержүрек батырлардың ұрпағы. Оның ерлігін біз барша жастарға үлгі етеміз. Бүкіл жастардың алдында батырдың қолын алар едім, алайда індеттің таралуы қолбайлау болып отыр", - дейді Асылжан Бүркіталин.

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Динара Иманова-Медеубаева да Темірланнан жақсы маман шығатынына сенімді.

"Темірлан – жанашыр, ақкөңіл жан. Ерекше жағдайда шешім қабылдауға қабілетті. Жауапкершілігі мол", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу