Тергеу изоляторларында отырған 5 мыңнан астам адам дауыс беруге қатысады

756

Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады. 

Тергеу изоляторларында отырған 5 мыңнан астам адам дауыс беруге қатысады

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес тергеу изоляторларында ұсталатын, үкімі заңды күшіне енбеген, кәмелеттік жасқа толған азаматтар жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығына ие. Тергеу-қамауындағы адамдардың құқықтарын іске асыру мақсатында республиканың қылмыстық-атқару жүйесінің 16 тергеу изоляторында орналасқан жері бойынша сайлау округтеріне кіретін жабық сайлау учаскелері құрылды, онда 5 мыңнан астам адам Қазақстан Республикасының кезекті Парламенттік сайлауында дауыс беруге қатысуда", - деп жазылған комитет хабарламасында. 

Сонымен қатар дауыс беру өтетін үй-жайларда тиісті бақылау, күзет және қадағалау жүйесімен қамтамасыз етілген. ⠀
Ағымдағы жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша "қызыл" және "сары" аймақтардағы өңірлерде сайлау комиссиясының барлық мүшелері, оның ішінде байқаушылар да алдын ала ПТР-әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерістен өткен.⠀

Ал жабық сайлау учаскелеріне кіру тергеу изоляторларының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес жүргізілуде.
Қазіргі уақытта республиканың тергеу изоляторларында 6 мыңға жуық адам ұсталуда.

ҚАЖ, Тергеу изоляторларында отырған адамдар дауыс береді, сайлау, сайлау 2021, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу