Сондықтан, кітапхана жұмысының мүмкіндіктерін пайдалану №68 мемлекеттік мекемесінде сотталғандарды тәрбиелеудің ең тиімді құралы болып табылады.
Мекеменің кітапханашысы Қашқынбай Дияс Болатұлы кітапханадағы кітап қорын толықтырумен ондағы кітаптардың жаңартылып, ескі кітаптардың есептен шығарылуын жіті қадағалап отырады.
Кітапхананың сотталғандарды тәрбиелеудегі маңызы зор. Ел заңына бағынбай құқық бұзған қылмыскерлерді өмірге қайта тәрбиелеу оңай емес. "Әлемдегі ең үздік кинозал – бұл ми, оны жақсы кітап оқығанда түсінесің", дегендей сотталғандардың санасын жағымсыз ойлардан арылтып, рухани жағынан байытып, өмірге деген көзқарасын қайта тәрбиелеу үшін, жазасын өтеушілердің кітап алып оқуына көп көңіл бөлеміз.
"Иә, олардың көзқарастары, тіптен кітап оқуға деген сұранысы да әртүрлі. Бірі класикалық шығармаларды қаласа, бірі жәй түрлі-түсті суреттері бар журналдарды алдыртып оқиды.
Жазасын өтеушілердің сұранысына қарай, кітап қорын жаңартып отыру бойынша үздіксіз жұмыс жасаймыз. Жаңа кітаптарды қабылдап, жылдары ескі, мұқабалары мен парақтары жыртылған кітаптарды есептен шығару жұмыстарын атқарып отырамын.
Нақтырақ айтар болсам, жақында ғана демеушілер және мекеме қызметкерлерінің қолдауымен жаңа кітаптар жиналып, кітапхана қоры 114 кітаппен толықтырылды. Ал, 73 жарамсыз деп табылған ескі кітаптарды есептен шығардық. Бүгінгі таңда мекеме кітапханасында 4542 кітап бар. Яғни, әр сотталғанның жеке басына шаққанда жыл бойы 20 кітаптан жаздыртып оқуға мүмкіндігі бар" – дейді жас қызметкер Дияс Болатұлы.