Тергеу изоляторында отырған 7 адам коронавирусқа тексеріліп жатыр

822

Оларда жедел респираторлық-вирустық инфекция белгілері анықталған.  

Тергеу изоляторында отырған 7 адам коронавирусқа тексеріліп жатыр

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"7 маусым Алматының тергеу изоляторында отырған 7 адам денсаулықтарына шағымданып, хабарласты. Бірден жедел жәрдем бригадасы шақырылып, олар медициналық мекемеге жеткізілді. Онда тұтқындалғандарды дәрігерлер қарап, қажетті медициналық көмек көрсетті. Тергеліп жатқандар ЖРВИ белгілерімен инфекциялық изоляторға орналастырылды. Барлығынан ПЦТ-тест алынды. Олардың жағдайлары қалыпты", – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу