Тергеу изоляторында тағы бір азамат некесін қиды

699

30 жастағы азамат істі болмай тұрып үйленуді жоспарлаған екен.

Тергеу изоляторында тағы бір азамат некесін қиды

Қызылорда облысы бойынша ЗК-169/1 тергеу изоляторында ҚР Қылмыстық Кодекстің 120-бабы бойынша жазаға тартылған азамат сүйіктісімен некесін қиды, деп жазады inbusiness.kz.

1992 жылы туылған бұл азамат бостандықта жүргенде болашақ жарымен үйленіп, жанұя құрсам деген ізгі ойда болған. Бірақ достарымен көңіл-көтеру үшін түнгі клубқа барғанының соңы, қылмысқа әкеліп соқты. 

"Мен, қылмысымды білген соң, жүріп жүрген қызым енді мүлдем хабарласпас деп ойлаған болатынмын. Бірақ, дұрыс таңдау жасаппын. Сүйіктім, жасаған қылмысымды кешірді әрі некеге тұруға рұқсатын берді. Қуанғаннан некеге тұруға өтініш жаздым. Мекеме заңгері Асқар Мұратбекұлының ықпалымен тез арада тиісті орындардың өкілдері келіп, бізге неке куәлігін тапсырды. Бүгін сондай қуаныштымын. Енді темір торда отырсам да барлық болашаққа құрған жоспарларымды нақты жүзеге асыруды ойлайтын болдым", – дейді болашақтан үміті зор жігіт. 

Әдетте сотталғандар жақындарының қолдауына зәру болады. Қапасқа қамалып сотты болған Ш. есімді азаматтың некеге тұруы оның тәртібіне әсер етіп, жағымды өзгерістерге итермелейтін көрінеді. 

"Жалпы мекеме тарихында тағдырын сүйіктісімен байланыстырып, түзелу жолына берік түсіп, сайып келгенде мерзімінен бұрын босатылған сотталғандар да кездеседі. Неке олардың тәрбиесіне игі әсер ететін болғандықтан, өтініштерін тез арада қарап, қолдарына неке куәлігін беріп отырамыз. Жыл басынан бері осымен бесінші азамат некесін қиды", – дейді АКАПТБЖ бастығы, әділет капитаны Ардақ Тұрманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу