Министрлік қызметі басшыларының қатысуымен қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Онда Ішкі істер министрі Қ.Н.Қасымов ағымдағы жылдың бес айында ішкі істер органдары атқарған жұмыстардың нәтижесі туралы айтты.
Министрдің баяндамасында ағымдағы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, кісі зорлау, ұрлық, алаяқтық, кісі тонау және бұзақылық қылмыстары мен ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашудың қарқыны артқаны аталып өтілді.
"Өткен жылдардағы қылмыстық құқық бұзушылықтың 5 мыңнан астамы ашылды, оның ішінде 15 кісі өлтіру, 40 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 30 кісі зорлау, 200-ден астам кісі тонау, 30 қарақшылық, 3,6 мың ұрлық, 900 алаяқтық және 200 бұзақылық қылмыстары. Тергеу мен соттан жасырынып жүрген 1,5 мыңнан астам қылмыскер ұсталды", - деді министр есебінде.