Әйелдің төсек жаймасын батареяға байлау арқылы жымысқы әрекетін жүзеге асырғаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қамаудағы әйелді күзеткен аға сержант жұмысын қабылдап, аурухана бөлмесінің дәлізінде отырған. Күдіктімен бір бөлмеде инспектор-психолог, әділет лейтенанты болған.
Таңғы сағат 4 шамасында қамауға алынған әйел өзін күзетіп тұрған әділет лейтенантының ұйықтап кеткенін пайдаланып, терезеден шығып кеткені айтылады. Ол жымысқы әрекетін төсек жаймасын жылыту батареясына байлау арқылы жүзеге асырған. Кейіннен әйел ұсталып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне қамалған.
Алайда қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін есіктің сыртында болған аға сержант жұмыстан қуылған. Бұл шешімге келіспеген ол сотқа жүгінген.
Жергілікті сот оның жұмыстан заңды түрде босағанын айтып, өтінішін қабылдамаған. Жоғарғы сот бұл шешімді өзгертті.
Жоғарғы Сот аталған жайт онымен еңбек шартын бұзуға негіз бола алмайтынын мәлімдеп, аға сержантты өз жұмысында қалдырып отыр.