Тергеуде заңсыз әдістер қолдану фактілері бойынша ҰҚК-нің сегіз қызметкері мен бір полицей ұсталды

858

Олардың қоғамда резонанс тудырған 10 атышулы іске қатысы бар. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Тергеуде заңсыз әдістер қолдану фактілері бойынша ҰҚК-нің сегіз қызметкері мен бір полицей ұсталды

"Жедел-іздестіру барысында заң үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Тергеудің заңсыз әдістерін қолданудың барлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Арнайы прокурорлар атышулы 10 істі тергеп жатыр. Осы істер аясында 9 лауазымды тұлға ұсталды, оның ішінде 8 ҰҚК қызметкері және бір полицей", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу