Тергеуге алынған Астана әуежайының басшысы Қазақстаннан тайып тұрды

1214

Тергеуге алынған Астана әуежайының басшысы Қазақстаннан тайып тұрды

"Астана халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Паоло Ричиотти басшылық қызметі барысында бірқатар заңбұзушылықтарға жол бергені анықталған бойда ізін суытқан.

"Астана халықаралық әуежайының" баспасөз қызметінен хабарлағандай, Паоло Ричиотти қысқа мерзімді демалыс алған көрінеді.

"Астанада күштік құрылымдар Паоло Ричиоттиді таппай отыр. Ол Көкшетау әуежайына ешқандай негіздемесіз 10 миллион теңге  бөлгені үшін тергеліп жатқан болатын. Сенімді дерек көзі Паоло Ричиоттидің 15 қазанда  Астана-Лондон бағытындағы КС-941 рейсімен ұшып кеткенін айтты. "Ол билетті бір бағытқа ғана алған. Яғни, Қазақстанға орала ма, жоқ па, белгісіз", деп жазды  экономикалық шолушы Денис Кривошеев өзінің Фэйсбуктегі жеке парақшасына.

"Астана халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Паоло Ричиотти қазір отбасындағы жағдайларға байланысты қысқамерзімді демалыс алды. Бұл демалысы жоғарыдағы басшылықпен келісілген. Басқарма төрағасы келесі аптада өз қызметіне оралады", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Монополияға қарсы агенттік "Астана халықаралық әуежайында" біраз құқықбұзушылықтың бетін ашқан болатын. Атап айтқанда, әуежай басшылығы мемлекеттік сатып алу қатысты заң бұзған.

Қазақстанның  сегіз мемлекеттік әуежайына бақылау жүргізетін "Airport Management Group" ЖШС басқарушы компаниясы "Астана халықаралық әуежайына" жүргізген тексеруді жариялай отырып, шамамен 1,37 млрд. теңге көлемінде заң бұзушылық болғанын хабарлаған.

ҚазАқпарат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу