Тергеуші параға 2 миллион теңге алғанын мойындады

898

Шынтуайтында қылмыстық іс 2020 жылдың 8 ақпанында тоқтатылған. Алайда полиция подполковнигі бұл жағдайды өз пайдасына жаратпақ болған.

Тергеуші параға 2 миллион теңге алғанын мойындады

СҚО тергеушісі онсыз да тоқтап тұрған қылмыстық істі желеу етіп, 2 миллион теңге пара алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі СҚО полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі қызметін атқарған полиция подполковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол өндірісіндегі қылмыстық процеске қатысушыдан қылмыстық істі қысқарту үшін 2 млн теңге мөлшерінде пара алу фактісі бойынша күдікке ілінді", – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Шынтуайтында қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты 2020 жылдың 8 ақпанында тоқтатылған. Алайда полиция подполковнигі бұл жағдайды өз пайдасына жаратпақ болған.

"Кінәнің толық мойындалуына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеуді жеделдетілген іс жүргізу тәртібінде аяқтауды жоспарлап отыр. Оның кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот белгілейді", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу