Тергеуші парамен ұсталды

1122

Тергеуші парамен ұсталды

Атырау облысы ІІД Индер аудандық бөлімінің  аға тергеушісі пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2 Атырау қалалық сотының тергеуші судьясы полицейді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Оған жергілікті тұрғыннан пара алды деген күдік келтірілуде. Тергеу жорамалына сәйкес, аға тергеуші тұрғыннан баласының қылмыстық ісін жабу үшін ақша талап еткен. Сонымен қатар тергеуші жасалған қылмыс туралы оқу орнына хабар бермеуге уәде еткен. Жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері тергеушіні пара алып жатқан жерінен ұстады", - деп хабарлады №2 Атырау қалалық сотынан.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу