Тергеушіге 13 млн 200, адвокатқа 4 млн 400 мың теңге айыппұл салынды

917

Сыбайластар адам зорлау қылмысын бүркемелек болған.

Тергеушіге 13 млн 200, адвокатқа 4 млн 400 мың теңге айыппұл салынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров Шымкент қаласында болған адам зорлау қылмысын тоқтатпақ болған тергеушіге 13 млн 200, адвокатқа 4 млн 400 мың теңге айыппұл салынғанын мәлімдеді. 

Данияр Бекайдаровтың баяндауынша, сыбайластарға қатысты қылмыстық іс былтыр қозғалған. 

"Шымкент қалалық полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасының тергеушісі І. Төребай мен қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Н. Елгонов парақорлық фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.. Тергеуші І. Төребай  адвокат Н.Елгонов арқылы зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін жалпы сомасы 440 мың теңге пара алды деп айыпталды. Тергеушіге 13 млн 200 мың, адвокатқа 4 млн 400 мың теңге айыппұл салынды. Бұған қоса олар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды", – деді аға тергеуші.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу