Еуропалық Одақ инвестициялардың ең ірі көзі ретінде Қырғызстандағы жағдайды өзгерте алады, "Еуроодақ – Орталық Азия" экономикалық форумында Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакала осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Оның айтуынша, бұл – сауда және экономикалық қатынастарды жаңа деңгейге көтерудің керемет мүмкіндігі.
"Стратегия біздің негізгі мақсаттарымызға айқындап отыр: аймақтың өркендеуі. Бүгінгі форум аясында біз экономикалық және цифрлық трансформацияны ілгерілету үшін не істей алатынымызды, сондай-ақ COVID-19 пандемиясы аясында ОА-дағы инвестициялық және бизнес ахуалды қалай жақсартуға болатынын талқылауымыз керек. ЕО-ның жасыл экономикаға қатысты келісімі, цифрлық күн тәртібі, сондай-ақ екіжақты және көпжақты бағдарламалар 2021-2027 жылдарға арналған бағдарламаға қалай үлес қоса алатындығын талқылаймыз", – деді Хакала.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы ЕО мен ОА елдерінің сыртқы істер министрлері "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" бірінші экономикалық форумын өткізуге уағдаласты. 2020 жылдың желтоқсанында онлайн форум аясында бүгінгі форумның 3 бағыты белгіленді: жасыл экономика, цифрландыру және бизнес климат.
Табиғат Нұрболат