"Территория комфорта-1" тұрғын үй кешенінің 75 пайызы сүрілді

809

Биыл елорданың құрылысы ұзаққа созылған нысандарының саны 20-ға азаяды. 7800 үлескер пәтерін алып, құжаттарын ресімдей алады. 

"Территория комфорта-1" тұрғын үй кешенінің 75 пайызы сүрілді

Техникалық тексеріс "сақалды құрылыстың"  апатты екенін көрсеткеннен кейін жарамсыз деп танылған болатын. Бүгінде тұрғын үй кешенінің 75%-ы сүрілді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Территория комфорта-1" тұрғын үй кешенінде кешеннің құрылысы 2004 жылы басталған болатын. Мұнда 500-ден астам үлескер бар.

Қала әкімі Алтай Көлгінов аталған тұрғын үй кешенін сүру қарқынымен танысты.

"Қыс қарлы, боранды болды. Бұл өз кезегінде тұрғын үй кешенін тез арада сүруге мүмкіндік бермеді. Коронавирус инфекциясының пандемиясын ескере отырып, жұмыс қарқыны төмендеді. Құрылыс маусымын зая кетіріп алмау аса маңызды. Жаңа тұрғын үй кешенін салып бастау қажет. Құрылысы созылып кеткен тұрғын үйлерді аяқтап, пәтер иелеріне кілттерін табыстау — басты міндеттердің бірі. Нысанда санитарлық нормалар қатаң сақталуы керек", – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

"Нұр Астана Құрылыс" ЖШС бөлшектеу жобасының жетекшісі Алиакбар Үмбеталин құрылыс салушы техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасын қолданғанын айтты.

"Бұл үй пайдалануға берілген жағдайда, ғимарат құлап, ал тұрғындар астында қалар еді", – деп атап өтті.

Биыл елорданың құрылысы ұзаққа созылған нысандарының саны 20-ға азаяды. 7800 үлескер пәтерін алып, құжаттарын ресімдей алады. Былтыр 2,5 мың үлескер бар 10 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу