Террористер интернет арқылы насихаттауды күшейтті

1058

Террористер интернет арқылы насихаттауды күшейтті

Террористердің интернет арқылы жүргізетін насихат жұмыстары төрт есеге күшейді. Еліміздің Бас прокуратура өкілдері осылай деп дабыл қағуда, деп хабарлайды khabar.kz.

Жазба, фото мен бейнематериал түріндегі астыртын әрекеттерге тосқауыл қою жайы бүгін Астанадағы халықаралық семинарда сөз болды. Оған Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Польша мен Ресей сарапшылары да шақыртылды. Насихатпен қоса қазір заңсыз қаражат айналымы, есірткі және қару-жарақ саудасымен де күресті күшейту қажет.

"Бұл қатерлерді анықтап жою мақсатында қазақстандық 150 маман өңірлік хаб елдерімен бірге арнайы оқу курсынан өтті. Біз қазір террористік топтарды құрықтауға қатысқан ресми тұлғаларды қорғау жобасын да талқылаймыз. Оларға оқиғаның куәгері ретінде қауіп төнуі мүмкін",- дейді ҚР бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілі Шәкір Шаяхметов.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу