Террористерге қарсы әскери дайындық жыл сайын өзгеріп отырады

775

Террористерге қарсы әскери дайындық жыл сайын өзгеріп отырады

Атырау облысында "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери құрылымдар арасында әскери оқу-жаттығуы өтті.

Жауынгерлер лаңкестік әрекеттердің алдын алу мен террорлық топтардың көзін жою машығын пысықтады.

"Әлемдегі әскери-саяси оқиғалар, әсіресе Сирия мен Таяу Шығыстағы жағдай бізге де кез келген жағдайға дайын болу міндетін жүктеп отыр.  Лаңкестердің елді мекендердің ішінде соғыс қимылдарын жүргізуі бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп туғызады. Осыған байланысты біз сарбаздардың дайындығын елді мекенде  өткізіп отырмыз. Мамандардың айтуынша, лаңкестер де түрлі әрекеттерге көшіп жатыр. Сондықтан террористерге қарсы әскери дайындық жыл сайын өзгеріп отырады", - деді "Батыс" өңірлік қолбасшылығы штабының басшысы Нұрлан Алдияров. Ал барлау-шабуылдау ротасының командирі Жасұлан Жекебаев қазіргі заманның арнайы жасағы әмбебап болуы керек екенін алға тартты.

"Сарбаздар тауда, суда, ашық дала мен елді мекенде  бірдей соғыса білуі керек. Олар ұрыс кезінде берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап, өзінің ғана емес, қасындағы қаруластарының да өміріне жауапты болуы керек", - деп түйді ойын рота командирі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу